$ 444.22  476.38  4.82

Қайрат Нұртастың мың долларлық көзілдірігін концертте шешіп алған кім? (ВИДЕО)

Қайрат Нұртастың өкілі бұл оқиға Ақтөбедегі концертте болғанын айтты.

Әлеуметтік желіде Қайрат Нұртастың ән кешінде белгісіз біреу әншінің көзілдірігін шешіп алғаны көрсетілген видеолар тарады.

Белгілі әнші Қайрат Нұртас батыс өңірінде ән кешін өткізіп жүр. Әнші бұл туралы өзінің Instagram-парақшасында жариялады.

"...ауа райының қолайсыздығана байланысты көлікпен шығуға тура келді. Ақтау бүгін кешке кездескенше", - деп жазды ол желіде.

Дәл осы концерттердің бірінде белгісіз біреу әншінің көзілдірігін шешіп алған. Бұл кадр Instagram-дағы zello_aktobe.04 парақшасында жарияланған. Жазбаға түрлі пікір жазылған.

Жақында OLX-те сатады.

Жейдесін де шешіп алу керек еді.

Енді OLX-ке тәуір ақшаға шығарады.

Кроссовкасын алуға үлгермей қалды.

Көп ұзамай KN көзілдірігі деп сатылымға шығатын болар.

Қайрат шошып қалды-ау.

Қайрат Нұртастың өкілі бұл оқиға Ақтөбедегі концертте болғанын айтты.

"Концерт Ақтөбеде болды. Халықтың ортасына фотоға түсуге шыққан. 1000 долларға алынған көзілдірік еді. Жағдай резонанс туғызды", - деді ол.

Оның айтуынша, ұрлаған адам қашып бара жатқан жерінен көзілдірікті қайтаруына тура келген.

"Қайтарып алдық. Бәрі жақсы. Қашып бара жатқан жерінен қайтарып алдық", - деді ол.

Ал белгісіз адамның мақсаты ұрлау болған ба деген сұраққа әншінің өкілі былай деп жауап берді:

"Иә. Ол жалғыз болған жоқ. Басқа ештеңе ұрланбады. Бәрі жақсы", - деді ол.

tengrinews.kz

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары