$ 443.44  480.51  4.88

«Менің аяғым ауыр … дейтін күн алыс емес» - Ләйлә Сұлтанқызы

Өкінішке қарай қолымыздан келмейді.

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзінің оқырмандарына ерекше ақпаратпен бөлісті.

Тележүргізуші желідегі парақшасында бала сүйе алмай жүрген жандарға арнайы орталық арқылы жәрдем еткісі келетіні туралы жазды. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды. 

"1 келіншекке тегін ЭКО жасап бергіміз келетінін айтып та, жазып та жүрдім.
1,5 ай ішінде жалпы 202 қатысушы 408 өтінім жіберіпті ( 50 келіншек 3-4 рет жіберген).
202 қатысушының ішінде талаптарға сай:
жасы 45-ке дейін
тұрмыста
баласы жоқ

квотаға ілінбеген

өзі туралы толық ақпаратты және барлық анализдерін жіберген 17 келіншек қана болды.


Білікті дәрігерлер 23 наурыз күні жиналыс өткізеді. 28 наурыз күні нәтижесін жариялаймыз!!!
Біз 202 келіншектің бәріне көмектескіміз-ақ келеді, өкінішке қарай қолымыздан келмейді", деген ақпаратпен бөлісті. 

Оқырмандар Ләйлә Сұлтанқызының мұндай жәрдеміне алғыстарын білдірді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары