23.03.2022, 03:38

«Кім не десе де…»: Рымбаева Иманбекке «Наурыз-думан» әнінің ремиксін жаздырды

Фото: ашық дереккөз
Кім не десе де, мен еліміздің эстрадасында болып жатқан өзгерістерге үлкен мақтанышпен қарап, әрқашан да жас әншілерді, музыканттарды қолдауға дайынмын.

Белгілі әнші Роза Рымбаева Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтап, Иманбек екеуі шығарған ремиксті жұрт назарына ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.

«Сіздер үшін жақсы жаңалығым бар. Кім не десе де, мен еліміздің эстрадасында болып жатқан өзгерістерге үлкен мақтанышпен қарап, әрқашан да жас әншілерді, музыканттарды қолдауға дайынмын. Біз Иманбек екеуміз бірігіп, «Наурыз-думан» әнінің ремиксін халықтың назарына ұсындық. Меніңше, серіктестігіміз сәтті шықты. Сіздерге де ұнайды деген сенімдемін!» деп жазды ол Instagam-дағы парақшасына.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.