Жуырда кенже ұлын үйлендірген Гүлзира Айдарбекова екі келінінің суретін жариялап, оларға деген жылы лебізін білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Айдарбекова ортаншы және кенже келіндері Әйгерім мен Жібектің бірге түскен суретін көргенде қатты толқығанын жеткізді. Фотода абысындар ақ орамал тағып, ұлттық нақышта киім киген. Екеуі өмірімнің жалғасы деген Гүлзира Үсенқызы келіндеріне ақ тілегін желі арқылы жеткізді.
"Алла бақ берсін жандарым сол, өмірімнің жалғасы. "Абысын тату болса, ас көп деген". Сендер тату болсаңдар, ұрпағымызбен бақыттымыз. Ата-ананың, бауырлардың, бала-шаға, құда-құдағи бәрінің татулығы сендердің қолдарыңда. Әпкелі-сіңілідей бір-біріңе әулеттің бақыты үшін, адал болыңдар. Ендігі өміріміз сендердікі, сол себепті өміріміздің жалғасы сендер. Ертеңгі күні біздер де сендердің қолдарыңа, көңілдеріңе қарап өмір сүреміз, ол өмірдің заңы. Ата-ананың батасы сендердің өмірлік бақ-берекелерің осыны ұмытпаңдар. "Бір әйелдің ақылы қырық есекке жүк" деген, бақытты болуларың үшін емес, осы әулет сендердің ұрпақтарың болғандықтан, бақытты етемін деген ниетпен, барлығына үлкен сеніммен қадам басуларыңа тілекшімін, жандарым сол! Мына суреттеріңді көріп толқып, қуанып отырмын. Алла бақ берсін" - деп жазба қалдырды продюсер.
Көпшілік суретке үйдің үлкен келіні Жұлдыз Әбдікәрімованың жетпей тұрғанын атап өтті.
"Жұлдыз болса керемет болар еді", "Әттең Жұлдыз жетіспей тұр, өкінішті-ақ", "Жұлдызды қосып қойса, супер абысындар болушы еді", - деп жазды желі қолданушылары.
Ал Гүлзира Айдарбекова болашақта Жұлдыздың отбасына қайта оралатынына сенім білдірді.
"Алла қаласа. Ашулары басылған соң, бәрі де болады. Кім ұрыспай жатыр, ең бастысы аман ғой", - деді Айдарбекова.