27.03.2022, 05:16

Қайрат Нұртас әйелін құттықтап сахнаға шықты (ВИДЕО)

Бұл туралы актриса өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды.

Түркістан театрында көрермен қауымға "Махаббат мұнарасы" спектаклі ұсынылды. Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова басты рөлді сомдады.

Бұл туралы актриса өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спектакльге Жұлдызды құттықтауға ата-анасы мен балалары келді. Қойылым соңында актрисаның  танымал әнші Қайрат Нұртас сахнаға шығып, Жұлдызға бір құшақ гүлін ұсынып, құттықтады.  

Актриса да өз кезегінде қолдау көрсеткені үшін Қайратқа алғысын айтып, ризашылығын білдірді.