$ 441.66  475.14  4.86

«Қайрат Нұртасты қатыгездікпен ұрып кетті»: Полиция басшысы әншімен жеке жолықты

Танымал әнші 2 сәуір күні жастар сарайында өнер көрсеткен болатын.

Қостанай облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков желіде тараған ақпараттан кейін концерт өткізуге келген Қайрат Нұртасқа өзі барып, қал-жағдайын біліп қайтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстың бас полицейге WhatsApp мессенджері арқылы Қостанай қаласында танымал әнші Қайрат Нұртасты қатыгездікпен ұрып кеткені туралы хабар түскен. Тіпті, "полиция бастығының өзі түсініктеме берді" деген ақпарат та болды.

"Бүгін Қайрат Нұртастың жағдайы жақсы екенін білу үшін арнайы барып кездестім. Бірге түскен фотомыз соның дәлелі. Қазіргі кезде полиция фейк ақпараттың авторын іздестіруге кірісті", - деп жазды Омарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында.

Қостанай облысының полиция басшысы Қайрат Нұртаспен кездесті.

Танымал әнші 2 сәуір күні жастар сарайында өнер көрсеткен болатын. Концертке барлығы мың билет сатылған болатын. Бағасы – 3-10 мың теңге.


 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары