Әнші Қайрат Нұртас желіде әйелі Жұлдыз Әбдікәрімовамен түскен видеосын жариялап, ел арасында қызу талқы тудырды. Оқырмандар ерлі-зайыптыны бірге көргендеріне қуанып, оларға жылы лебіздерін білдірген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Көптен бері бірге көрінбей кеткен жұлдызды жұп бұл жолы өз жанкүйерлерін таңғалдырды. Қайрат Нұртас келіншегімен түскен видеосын Instagram парақшасында бөліскен. Онда ерлі-зайыптының қол ұстасып серуендеп келе жатқанын көруге болады. Артынан әнші әйелін көтеріп алады.
Оған қоса әртістің досы да желіде олардың бейнежазбасын жариялап қойған. Ол ерлі-зайыптының кездесуінде олардың қасында болған.
Желі қолданушылары жұлдызды жұптың қайтадан бірге уақыт өткізіп жүргендеріне аса қатты қуанған. Қалың көпшілік оларға өз қолдауын білдіріп, ақ тілегін жаолдады. "Жұптарың жазылмасын", "Сіздерге қарай бергің келеді. Махаббаттарыңыз мәңгі болсын", "Әрқашан осылай күліп жүре беріңіздер", "Бүкіл қазақ елі қуанып жатыр. Енді мәңгі бірге болыңыздар", "Сіздерді бірге көрген өте керемет. Әлі де бір-біріңізге деген махаббат жалыны шарпып тұр", "Бірге көрсек қуанатын болдық", "Бір жастықта қартаюды нәсіп етсін", - деп жазуда олар.