$ 494.87  520.65  4.91

Әли Оқапов жақында анасы жайлы фильм түсірмек

Оның айтуынша, фильм драма жанрында болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Әли Оқапов жақында анасы әнші Роза Рымбаева жайлы биографиялық фильм түсіретінін хабарлады. Қазіргі таңда фильмнің сценарийі дайын, деп Әли Оқапов НТК арнасының OZMZ ҒОЙ атты жаңа бағдарламасына берген сұхбатында айтты.

«Сценарийді бірге жазып жатырмыз. Кәсіби сценаристер де бар. Ол – Ефрат Шәріпов. Ол кісінің еңбегін «Дос-Мұқасан» фильмінен көре аласыздар. Жақында шығады. Ал режиссері Айдын Сахаман» деді Әли Оқапов.

Оның айтуынша, фильм драма жанрында болады.

«Базардағы сатушылар аяқ астынан билеп кетпейді. Барлығы өз орнында болады. Біз үшін бірінші орында Роза Қуанышқызының өмірі.  Әрине, музыкасыз елестету мүмкін емес. Бірақ өмірі бірінші орында болады» дейді Роза Рымбаеваның тұңғышы Әли.

Ол қазіргі таңда осындай фильмдер түсіру маңызды екенін алға тартты.

«Себебі бүкіл өмірінің нақтысын айта алатын адам жанымызда. Екіншіден, дауыс керек. Өйткені Роза Рымбаеваның даусын Роза Рымбаевадан артық ешкім сала алмайды деп ойлаймын.

Әйелдер жайлы кино аз ғой. Неге түсірмеске? Өкінішке қарай, «Томиристен» басқа басты кейіпкер әйел болатын кино жоқтың қасы» дейді Оқапов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары