Көпшіліктің аузынан түспейтін Жұлдыз Әбдікәрімова тағы сынға қалды. Бұл жолы Instagram қолданушылары актрисаны енесінің туған күніне киіп келген киімі үшін сөкті, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.
Гүлзира Айдарбекова Рамазан айымен тұспа-тұс келген туған күнінде елге ауызашар беріп, артынан дүркіретіп той жасады. Жұлдыз Әбдікәрімова енесінің тойына бір иығы ашық, қоңыр түсті кеудеше мен ақ түсті шалбар киіп келген. Көпшілік енесінің мерекесіне әрі қасиетті айда бұлай киінген актрисаны сынға алды. Мұны Гүлзира Айдарбекова мен оның қонақтарына деген құрметсіздік деп түсінді.
"Жұлдыз көйлек киіп келгенде дұрыс болар еді", "Көйлек қайда, жаным-ау", "Мынадай іс-шараға көйлек кисеңіз де болар еді ғой", "Киген киіміңіз өзіңізге ұнаған болар, бірақ сырт көзге оғаштау көрінді", "Жеңге, келгеніңізге рахмет деп жатыр еді Заңғар. Сонда өз отбасыларыңызға қонақ болып жүргеніңіз бе? Қонақ болып келсеңіз де, осы елдің келіні деген атыңыз бар, бір көйлек кимедіңіз бе?", "Үстіңізге көйлек табылмады ма? Келін емессіз бе? Атаң мен енең алдында барлық дүниеңді көрсетіп", "Көйлек кисеңіз одан да жақсы болар еді. Қанша фигураңыз әдемі, сұлу болсаңыз да. Ата-енеге деген, балалардың ата-апасына деген құрмет қой", - деп сынға алды желі қолданушылары.