19.04.2022, 21:40

Жазира Байырбекова макияжсыз сұлу емес екенін мойындады

Фото: ашық дерекөз
Кәдімгі қарапайым, бетімде сепкілім бар келіншекпін.

Жазира Байырбекова бояусыз келбеті жайлы сөз қозғап, қызу талқыға түсті. Әнші «макияжсыз сұлу емес» екенін мойындады, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

«Менің келбетім макияжсыз да осындай деп ойлайтындарыңыз қателесесіздер. Макияжсыз ешқандай да әдемі емеспін. Кәдімгі қарапайым, бетімде сепкілім бар келіншекпін. Сахнаға, қонаққа ғана боянамын. Күнделікті өмірде қалай бармын, солай жүре берем. Осы болмысыма да тәуба, шүкір! Сұлу болмасам да, осы жігіт қатты жақсы көреді әйтеуір», — деп жазба қалдырды әнші.