$ 495.2  522.34  4.94

«Жұрт жұлдыздардың табысына қызғанышпен қарайды» - Айдана Меденова

Әншінің айтуынша, қарапайым халық өмірде жетістікке өз күшіңмен жетуге болатынына сенбейді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Айдана Меденова танымал адамдардың табысын көре алмайтын хейтерлерге шүйлікті. Әншінің айтуынша, қарапайым халық өмірде жетістікке өз күшіңмен жетуге болатынына сенбейді. Сол себепті шалқып өмір сүретін жұлдыздарды "көре алмайды", дейді ол. Әнші мұндай жандарға өз өмірімен айналысуға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Біздің елде танымалдардың табысына елдің қуанбайтыны, қызғана қарайтыны өкінішті. Кез келген шетелдік әртістің парақшасына кірсеңіз, тек оңды пікірлер мен халықтың қолдауын көресіз. Ал біздің парақшада ше? Балағат сөздерден басталып, жөргек саталымымен аяқталады", - деп ашынды Меденова. 

Әнші мұндай көзқарасқа не себеп болатынын түсіндірді.

"Біздің халық өз күшіңмен, күнделікті еңбек ету арқылы табысқа жетуге болатынына сенбейді. Адамдарға табысқа апаратын "ғажайып амалдардың" бар екеніне сене салу жеңілірек. 

Сіз әр адамның табысының соңында не тұрғанын ешқашан біле алмайсыз. Қандай қиындықтарды өткеріп, басынан не өткенін білмейсіз. Өз өмірлеріңізді сүріп, шынайы мақсаттарыңызға жету үшін қолдан келгеннің бәрін жасаңыздар", - деді ол. 

Меденова Instagram-да блог жүргізетін танымалдардың әрқайсысында бірнеше кәсіптен бар екенін алға тартты. Танымалдардың да өзгелер секілді күн сайын еңбектенетінін, түрлі қиындықтарға кезігетінін еске салды. Сондай-ақ, әнші желіде жарнама жасайтын әртістерді сөкпеуді сұрады. 

"Танымал адам белгілі бір өнімді немесе қызметті жарнамалағанда оны сатып алу-алмау туралы шешімді тек сіз қабылдайсыз. Ол сізге ұсынады, мәжбүрлемейді, сіздің картаңызбен төлем жасамайды. Ақырғы шешім мен жауапкершілік әрқашан сізде", - деді Айдана. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары