$ 439.43  473.31  4.82

Анджелина Джоли Украинаға келді

Джоли Украинаға гуманитарлық мақсатта келіп, Львовтағы теміржол вокзалында Покровскіден эвакуацияланған жолаушыларды күтіп алды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Танымал актриса Анджелина Джоли Украинаға келді. Бұл туралы сенбі, 30 сәуірде украиналық БАҚ-тар хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

OBOZREVATEL украиналық порталының журналисі Майя Подгородецкая Джоли Львовтегі кафеге кірген кезіндегі видеоны бөлісті. Оның сөзінше, журналист актрисаны кафеде көремін деп күтпеген. 

Артынша, актриса Львов орталығында украиналықтармен сөйлесіп, тұрғындармен суретке түскен. 

"Укрзалізниця" компаниясы Facebook-те актрисаның суретін бөлісті. 

"Анджелина Джоли гуманитарлық мақсатта Украинаға келіп, Львовтағы теміржол вокзалында Покровскіден эвакуацияланған жолаушыларды күтіп алды", - делінген хабарламада. 

Джоли бірнеше жылдан бері БҰҰ-ның ізгі ниет елшісі. Ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген босқындарға көмектесіп, қоғамдық қызмет пен қайырымдылыққа көп көңіл бөледі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары