Гүлзира Айдарбекова кенже ұлы мен жұбайына фирмалық киім тігетін отбасылық кәсіпті сеніп тапсырып, жұмыспен қамтамасыз етуді ұйғарды. Енді кіші Нұртас пандемия кезінде тоқтап қалған киім өндірісін қалпына келтірумен айналыспақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Заңғар Нұртас Instagram желісінде отбасылық бизнестегі жаңа рөлін жариялап, Алматыдағы жаңа екі қабатты дүкеннің суреттерін жариялады.
“Сіздерге жақсы жаңалығымыз бар. Бұл енді Жібектің дүкені. Бірінші қабатта киім сатамыз. Екінші қабатта тігеміз. Бәрі біздің өнім. Мен бәрін өзім жасаймын. Бұл жерде әртүрлі жұмысты өзім атқара беремін. Өзім сантехникпін, өзім электрикпін”, – деп атап өтті жас кәсіпкер.
Айдарбекова кенже ұлына тойдан кейін бірден кәсіпкерліктің қыр-сырын үйрете бастады. Бастапқыда ол оны әйелімен бірге Түркияға апарып, киім бизнесінің қалай жұмыс істейтінін көрсетті. Елге оралған соң Заңғар індет салдарынан тоқтап қалған отбасылық кәсіпті қалпына келтіруге кірісті.
"КН маркалы киім тіккен тігін цехын жабуға тура келді. Жұмысшыларды жұмыстан шығарып, не істерін білмей қалдық. Кенже келінім Жібек келіп, тігін тіккенді жақсы көретінін айтқанда, қуанышымда шек болмады. Қазір жаңа дүкеннің ашылуына дайындалып жатырмыз. Біздің шоу-бизнестің барлық жұлдыздары жиналатынына сенімдімін", - деді Гүлзира Айдарбекова Qazaqstan телеарнасына берген сұхбатында.