$ 494.87  520.65  4.91

«Анасының дәрісіне қойған ақшасын тігіп жіберді»: Қадырбаев жарнамадан кейін қалай опық жегенін айтты

Ол бұл жағдайдан кейін үлкен сабақ алып, күмәнді жарнамаларға жоламайтын болған.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Отандық танымал блогер Жансерік Қадырбаев букмекерлік кеңсені жарнамалаймын деп опық жегенін айтты. Желі жұлдызының жарнамасына сеніп қалған бір оқырман анасының дәрісіне деп сақтаған соңғы ақшасын ұтысқа салып жіберген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Жансерік Қадырбаев басынан өткен жағдайды Аман Тасығанға берген сұхбатында баянады. Ол бұл жағдайдан кейін үлкен сабақ алып, күмәнді жарнамаларға жоламайтын болған.

"Осыдан 5-6 жыл бұрын ақшаға сатылған блогерлердің қатарында болдық. 1 не 2-курста оқитын кезім. Ақша керек болғандықтан, букмекер компаниясын жарнамаладық. Ол кезде аудиториям аса үлкен емес, 40 мыңдай оқырманым бар.

Жаспыз, баламыз, ол кезде ми да жоқ. 20 мың теңгеге жарнама жасадым. 1-2 күннен кейін дайректке хат келді. "Жансерік, бауырым, сенен осы жарнаманы көріп, ставка қойып едім. Анамның дәрісіне деп сақтап жүрген соңғы 10 мың теңгемді қойып жібердім" деді.  

Ол баланың да өз басы бар ғой. Бірақ себепкер мен болып тұрмын. Яғни мен болмасам, мүмкін ол ставка қоймайтын еді. Құдайдың өзі кешірсін деп ақшасын қайтарып бердім. Ол кезде қалтамызда асып-асып жатқан ақша да жоқ. Жарнаманы өшірдім, одан кейін жоламайтын болдым", - деді блогер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары