$ 494.87  520.65  4.91

«Мен махаббатты тым жоғары бағалаймын»: Димаш Әділет болашақ жарына ешқашан опасыздық жасамайтынын айтты

Мен үйлену тойымды еуропалық стильде жасағым келеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Отандық блогер, «Холостяк»  шоуының қатысушысы Димаш Әділет шынайы махаббатқа сенетінін мойындады. Ол некені өте байсалды қабылдайтынын және болашақ әйеліне ешқашан опасыздық жасамайтынын айтып сендірді, деп жазады Skifnews.kz.

Еліміздегі ең танымал сүрбойдақтардың бірі Димаш Әділет Instagram-да жанкүйерлерімен ашық диалог құрып, оларды қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Айта кетейік, бұл әлеуметтік желіде оның 1,1 миллион жазылушысы бар. 

Оқырмандардың бірі Димаштан үйлену тойын қазақ стилінде өткізгісі келе ме деп сұрады. 

«Мен үйлену тойымды еуропалық стильде, отбасыммен, жақын адамдарыммен, достарыммен, керемет әдемі жерде жасағым келеді. Содан кейін өмірімді сүйіктіммен өткізгім келеді», - деп жазды ол.

Оқырмандар Димаштан танысу сәтінен бастап үйленуге ұсыныс жасауға дайын екендігіңді түсіну үшін қанша уақыт өту керектігі туралы пікірін сұрады. 

«Прагматикалық жауап-бұл адамға жүз пайыз сенімді болған кезде және сіз осы адаммен өмір бойы, қуанышты күндерде же,  қиын уақытта да өмір сүргіңіз келсе, ұсыныс жасау керек», - деді ол. 

Оның айтуынша, кейбір ерлі-зайыптыларға өздерінің сезімдерін тексеру үшін уақыт қажет. Дегенмен, кейде өз адамыңды тану үшін бірнеше күнді бірге өткізу жеткілікті. 

«Менің әкем танысқаннан кейін 11 күн өткен соң анама ұсыныс жасаған. Қазір олар 28 жыл бірге қол ұстасып келеді және бұл мен білетін ең керемет жұп. Шындық мынада, сіз бірге өмір сүргіңіз келетін адам пайда болған кезде өзіңіз де сезесіз. Маған сеніңіз, махаббат бар», - деді ол. 

Оқырмандар әке болу тақырыбын да қозғады. Димаш балаларды қатты жақсы көретінін айтты. 

«Балаларды жақсы көремін. Бұрын мен 2-3 балам болса дейтін едім. Бірақ қазір одан да көп бала қалайтынымды түсіндім. Ең бастысы - мәселеге үлкен жауапкершілікпен қарау және әр балаға бірдей уақыт бөлу, бірдей білім, тәрбие және махаббат беру. Сонымен қатар, балалар өздеріне жауап бере алатын жасқа келгенше, барынша қаржылық мүмкіндік жағын ретке келтіру керек. Балалардың әрқайсысы бақытты, ақылды, білімді, мейірімді, осы әлемнің лайықты және жауапты азаматы болып қалыптасуы үшін», - деп есептейді ол. 

Блогер балалар алдында жауапкершілікті сезінетінін, бұл ретте  өзіне керемет тәрбие мен білім берген ата-анасын үлгі тұтатынын атап өтті.

Димашқа болашақ әйелінің көзіне шөп салуы мүмкін бе деген де сауал қойылды.

«Ешқашан. Мен махаббатты және таңдауымды тым қатты бағалаймын», - деп түйіндеді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары