Меруерт Түсіпбаева 23 жылдан бері бір жанға ғашық екенін айтты. Жауапсыз махаббатпен 23 жыл өмір сүріп келемін дейді. Әнші махаббат тақырыбын қозғады, деп жазады Stan.kz.
“Достар! Мені сағындыңыздар ма? Көп болды, көрінбей кеттім. Бармын!! Сол, өмірдің ақ-қара жолақтарын абайлап басып сіздер сияқты. Кейде жылап, кейде күліп мен де күйбең тірлік кешудемін. Бар шындық сол. Естай бабамды Мұхтар Шаханов жырлағандай: “51 жыл ғашық болдым Қорланға… 51 жыл өмір сүрдім ендеше” демекші. Менің жауапсыз махаббатым 23 жыл жалғасуда. Барлық әндерім сол адамға арналған. Өмір сонысымен қызық! Берілмеңіздер!! Махаббат үшін күресіңіздер. Бұл Алла жаратқан ең керемет сезім. Жауапсыз болса да - шын сүю бақыты, барлық адамға берілмеген… Адам сүйгенде өмір сүреді”, – деді әнші.
Түсіпбаев өлең жолдарын жариялап, көпті толғандырды.
“Серт берем. Серт берем, жаным, саған,
Жалындаған жүрегің жылатпауға,
Арманыңның асқарын құлатпауға.
Жауап болып сендегі сұрақтарға,
Бақыт құс боп бағыңда тұрақтауға.
Серт берем сүйіп тұрып:
Бар мен жоқты сендегі бөлісуге,
Ынтызар боп күн сайын көрісуге.
Қараңғы түн. Шөл дала. Сен үшін бе?
Бәріне де болады келісуге!
Серт берік. Сенім – серік,
Қызғаныштан сонда да күйіп жатып,
Жүрегіңнің соғысын қиындатып.
Уақыт өтпей қойғанда құйындатып,
Сүйгеніңді күту – бір биік бақыт”, – деді әнші.
Түсіпбаева сезімге беріліп, махаббатқа толы жазба арнады.
“Махаббатсыз дүние бос, Хайуанға оны қосыңдар.. (Абай)”, “Сіздей қайсар қыздан сескенеді-ау шамасы ер азаматтар”, “Жандүниеңіз сезімге бай, романтикаға толы адамсыз. Жақсы көрем!”, “Жаным, жақсы бір ер азамат саған өлердей ғашық болсыншы, бақытты бол”, “Отбасыңызға бақыт, береке сыйласын, Алланың берері таусылмасын, әрдайым амандықта болыңыз”, “Сондай сезімтал, нәзік және әділетті жансыз. Сізді сыйлаймын, жақсы көрем!Сүйгеніңіздің сүйіктісі болыңыз!”, “Ғашықсыз, махаббатсыз өткен өмір. Ол да бір жүрек үшін қуаңшылық”, “Сіз керемет жансыз. Өмір сүруді сізден үйрену керек”, – деп жазды желідегі оқырмандары.