Айқын Төлепберген бірінші әйелі Әселмен бірге бір тойда көзге түсті. Көпшілік әншіні бірінші жарымен қайта қосылды деп топшылады. Енді бірі тойға бірге барған деп болжады.
Айқын мен Әселдің бір жерде би билеп жүрген видеосы желіде тарады. Кейіннен белгілі болғандай, әнші тұңғышы Аңсардың бастауышпен қоштасу кешіне барған. Бұл кешке Аңсардың анасы Әсел де келді.
“Сіздер, мұғалімдер, бізге қарағанда балаларымызды көп көресіздер. Қасында көп боласыздар. Сондықтан рахмет айтамын. Алғысымыз шексіз. Осындай ұл-қыздарды тәрбиелеп, жетістікке жетуіне себепші болып жатырсыздар. Алғыстан басқа айтарымыз жоқ. Табысқа жетіңіздер”, – деді әнші.
Айқын аталған кеште ән айтып, өнер көрсетті. Бұл сәтте Аңсардың анасы Әсел де көңіл көтеріп, би билеп жүр. Желі қолданушылары өз пікірін жазып, құтты болсын десті.
“Әселмен қайта қосылған шығар десем”, “Әсел қандай сұлу әйел”, “Құтты болсын қадамы, ұлыңыз озат оқушы болсын”, “Қуаныш құтты болсын, балалардың тек жақсылығын көріңіздер”, “Балаларыңыздың қасынан табыла біліңіз, балаға әке де, ана да керек”, “Амандық тілеймін, Әселге ерекше рахмет”, “Әсел де өз бақытын тапса екен”, “Ол ақылды әйел”, “Ат айналып қазығын табады”, – деп жазды олар.
Айта кетейік, Айқын 2017 жылы екінші рет үйленіп, Жұлдыз Өмірғалимен бас қосты. Бірінші некеден ортақ екі баласы бар.