$ 498.51  522.84  4.81

«Әртістердің 90 пайызын мас күйде көрдім»: Жан Мұқанов туды қорлаған Шиза мен «ИК» әншісін кешіруді сұрады

Айтуынша, ИК мүшесі өзінің мас болғанын мойындап, кешірім сұрағандықтан, бір жолға оны кешіруге болады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Танымал қазақстандық продюсер Жан Мұқанов Алматыдағы концертінде бейәдеп қылық көрсеткен «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі мен әнші Шизаны кешіруді сұрады. Айтуынша, ИК мүшесі өзінің мас болғанын мойындап, кешірім сұрағандықтан, бір жолға оны кешіруге болады. Продюсер ақымақтықпен жасалған бір әрекетке бола, олардың көп жылдық еңбегін жоққа шығармауды өтінді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Барлығымыз да жас болдық. Ересек адамдар да қателеседі. Бірақ ол адамдарды жазалауға себеп емес», - деп жазды Мұқанов Instagram парақшасында.

Продюсер шоу-бизнестегі 20 жылдық тәжірибесінде «әртістердің 90%-ын мас, адекватты емес күйде» көргенін айтады.

«Жұмыс күндері тақуаның маскасын киіп, демалыс күні бардан шықпайтындар аз емес», - дейді продюсер.

Мұқанов ИК тобын тәжірибелі, танымал әрі мықты әртістерге теңеді. 

«Шиза да ньюсмейкер. Кешірім беріп, әрі қарай жүрейік. Бірақ екінші рет қайталанса, мен өзім қолымнан келгенше бұл әртістерді барлық алаңдардан аластатуға тырысып, ол жайлы айқайлап айтатын боламын. Жігіттер кешірім сұрап, қоғамдық жауапқа тартылуы тиіс. Мысалы, осы концерттен тапқан табыстарын қайырымдылыққа жұмсасын. Негізінде жігіттер мұқтаж жандарға жиі көмектеседі», - деп атап өтті ол. 

Алғашқыда «Ирина Кайратовна» мен Шизаны сахнадағы әрекеті үшін сынға алған Мұқанов артынан бұл ойын не үшін өзгерткенін түсіндірді. 

«Біздің елде музыкалық индустрия нарығы онсыз да отырып қалды. Көпшілігі өзге елдерге кетіп қалды. Ал бұл жігіттер қиындықтарға қарамастан, музыка жасап, осында қалды. Өз үйлерінде өсуде. Көп жылдық еңбекті бір ақымақтықпен жасалған әрекет үшін сызып тастамайықшы», - деп өтінді Мұқанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары