Белгілі әнші Гүлнұр Оразымбетова күйеуін жаңа жасымен құттықтап, желіде оған жазба арнады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Өнер иесі Instagram парақшасында отағасына деген ақ тілегін арнап, онымен түскен суретін жариялады.
"Туған күніңізбен, Секе. Өмірдің біз үшін дайындаған әдемі сыйы, бақыты, қуанышы таусылмасын. Ұлдарымыз үмітімізді ақтасын", - деп жазба қалдырды әнші.
Желі қолданушылары туған күн иесіне құттықтау лебізін жаудырды. "Қандай жарасымды жұп", "Бір жастықта қартайып, балаларыңыздың қызығын бірге көруді нәсіп етсін", "Әйтеуір дегенде отағасын салыпсыз ғой. Керемет жұп", "Туған күніңізбен. Өте білімді, қарапайым, іскер азамат! Ұлдарыңыздың қызығын көріп, Гүлнұрыңызбен қол ұстасып, ұзақ жасаңыз", "Бақытты болыңыздар. Осылай бірге қол ұстасып ғұмыр кешіңіздер", - деп жазуда көпшілік.
Арасында "Сәкең нешеге толды екен?", "Қызы сияқты. Қанша жас айырмашылық?", "Күйеуіңіз үлкен кісі екен ғой" деген пікірлер де жоқ емес.