07.06.2022, 04:40

Ерке Есмахан: Қызым бар, қазір әкесімен бірге жүр

Фото: ашық дереккөз
Ерке Есмахан желі қолданушыларының сұрақтарына жауап берді.

Әнші Ерке желіде сұрақтарға ерінбей жасап берді. Желі қолданушылары оның жеке өміріне, көңіл-күйіне, болашақтағы жоспарларына қатысты сауал қойды. 

«Жігітің бар ма? Қазақстанда саған лайық жігіт жоқ-ау осы?», дейді. Сұрақтардың 90 пайызы осы. Басым бос! Алланың Еркеге деп жаратқан бір түйір жігіті бар шығар. Туған шығар, менен кейін болса да. Күтейік», - деді Ерке. 

«Иә, ұлым бар. Ал қызым әзірге әкесімен бірге жүр. Бұйырған күні келіп қалар», - деп жазды ол.

Әнші бұған дейін 91 тобыны экс-мүшесі Азамат Зенкаевпен көңіл қосқан еді. Алайда олардың көңіл жарастығы ұзаққа созылған жоқ. Ерке жас жігітпен арақатынасы тоқтағанын ашық мәлімдеді. 

“Алла екі дүниенің бақытын берсін. "Ұлың елдің баласы болсын" дер едім”, “Идеальдың идеалы, еркенің еркесі, нәзіктің нәзігі, сұлудың сұлуы, әншілердің әншісі, қылықтылардың қылықтысы, жақсының ең жақсысы өзіңізсіз”, “Алла жар болсын сізге!! Даусыңыз әдемі құлаққа жағымды”, “Керемет өзіңе сай қазақтың ер азаматына күйеуге шығып бақытты бола қой. Әрқашан осылай сұлу да ақылды ару бол”, – деп жазды көпшілік.