Әлеуметтік желіде Қазақстанда жүрген Дания Милохиннің балаларды боқтаған видеосы тараған еді. Кейін Tik-Tok жұлдызы бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Даня Милохиннің сөзінше, мұнда тұрған ештеңе жоқ. Себебі балалардың өздері жігітті ашуландырған.
«Қазақстанда кішкентай баланы боқтаған видео бірден тарап кетті. Мен мұны мәдениетті түрде жеткіздің, мен боқтадым. Өйткені, расымен, мені ашуландырып жіберді. Мен оларға соңымнан жүрмеуімді сұрадым, барлығымен суретке түсе алмаймын», – деді ол.
Милохин бастапқыда балаларға түсіндіріп көрмек болғанын айтады.
«Олар камераны өшіріп тастады, ол кезде бұдан да жаман сөздер айтқан. Ондай балалар бар, олар мұндайды ұнатады. Балалар менің боқтайтынымды білді, видеоға түсіріп, жариялап жібергісі келді. Дәл солай болды», - деді Милохин.