Әнші Мөлдір Әуелбекова желідегі парақшасына жеке өміріне қатысты жазба жариялады. Әнші оқырман қойған "Имам кісі сізге үйленуге ұсыныс жасаса қалай қабылдайсыз?", -деген сұрағына:
"Менің бірінші жолдасым намазхан емес еді, ол адамда бәрі керісінше болды. Ал, екінші жолдасым намазхан, тіпті умраға 7-8 рет баруынан бөлек үлкен қажылығын өтеген қажы еді. Бірақ күндіз имам, түнде Иван екенін көрсетті. Сол себепті имам болу немесе намазхан болу мен үшін енді көрсеткіш емес”, -деп жазды.
Еске салсақ, әнші Мөлдір Әуелбекова бірнеше мәрте тұрмыс құрып, ажырасқан. Жақында екінші некесімен дәм-тұзы жараспай әнші жеке кеткен болатын.
Caravan.kz