$ 444.22  476.38  4.82

Гей, лесбиянка екендерін мойындап каминг-аут жасаған жұлдыздар кімдер?

Олар болмысын мойындау өмірлерінде қабылдаған ең дұрыс шешім болғанын айтады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Өзгелерге ұқсамайтын, өздерінің гей, лесбиянка екендерін мойындап каминг-аут жасаған қазақстандық жұлдыздар кімдер? Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Актриса Дарья Александрова бірнеше лесбиянка қызбен қарым-қатынас құрғанын мойындаған болатын.

«Менің лесбиянка қызға көңілім ауған болатын. Ол жігітке ұқсайтын. Мінезі де сондай ер адамға ұқсайтын. Бірақ өзіне қарап алған, әдемі қыз болатын. Бірақ ол махаббат жауапсыз болды, өйткені ол қыздың өзге махаббаты болған», - деді актриса.

Дарья Александрова қазір тұрмысқа шыққан, бір ұлы мен бір қызы бар.

2020 жылы продюсер әрі тележүргізуші Абдель Мұхтаров өзінің гей екенін мойындады.

«Үш жыл бұрын мен достарыма, туғандарыма және жақындарыма гей екенімді мойындадым. Бұл өмірімде қабылдаған ең дұрыс шешім болды. Мен қандай адам екеніме мақтанамын», - дейді продюсер.

Әнші Фарема Қазақпаева да кезінде лесби қызбен жүргенін айтқан еді.

«Иә, мен қызбен жүріп, тіпті бірге тұрған болатынмын. Біреуімен үш жыл, ал екіншісімен екі жыл тұрдым. Мен бәрін ата-анама айтып бердім. Олар мені қалай бар, солай жақсы көреді», - деді әнші.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары