Мәдениет & Шоубиз 24.06.2022 сағат 11:40

Саябақта ән айтып бір-ақ күнде танымал болған қырғыз келіншек Қазақстанға келмек

Бішкектегі саябақта ән салған Бегімай Тұрысбекованың дауысына ел таңдай қаққан.
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әйгілі канадалық әнші Селин Дионның әнін айтып, бір-ақ күнде танымал болған қырғыз келіншек Қазақстанда ұйымдастырылатын халықаралық ән байқауына қатыспақ. Ол Қырғызстан мәдениет министрлігінің қолдауына ие болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Басылымның жазуынша, желіде "қырғызстандық Селин Дион" атанған Бегімай Тұрысбекова Сentral Asia’s Got Talent халықаралық байқауына қатыспақшы, сондай-ақ ол Қырғызстанның Қазақстандағы, Түркиядағы, Венгриядағы мәдени күндері аясында өнер көрсетеді.

Бегімай Тұрысбекова бұған дейін БАҚ-қа берген сұхбатында музыкалық училищені бітіргенін кейін Қырғыз мемлекеттік мәдениет және өнер университетіне оқуға түскенін, алайда аяқтай алмай қалғанын айтқан еді. Министрмен кездесуде ведомстводағылар оған ЖОО-да оқуын қайта жалғастыруына көмектесетінін мәлімдеген.

Еске сала кетсек, бұған дейін қырғыз ауылында тұратын қарапайым келіншектің әлеуметтік желі арқылы танымал болғанын жазған едік. Бішкектегі саябақта ән салған Бегімай Тұрысбекованың дауысына ел таңдай қаққан.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар