$ 443.35  475.54  4.82

Димаш Құдайберген Шатуновпен түскен видеосын жариялады

Өзге қазақстандық жұлдыздар да марқұм Юрий Шатуновты еске алысып жатыр.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген марқұм Юрий Шатуновпен бірге түскен видеосымен бөлісті, деп хабарлады  turkystan.kz.

Димаш Құдайберген Instagram желісінде Юрий Шатуновпен бірге Малаховтың телешоуына қатысқан сәтінен видео жариялады.

«Сөз таба алмай отырмын… Бір сахнада бірнеше рет өнер көрсетеміз деп ойлап едім… Жатқан жерің жайлы болсын, аты аңызға айналған ЮРА АҒАЙ… «Балалық шағымыз» үшін рахмет…» деп жазды Димаш әлеуметтік желіде. 

Сол сияқты Зарина Омарова жастайынан Шатуновты тыңдап өскенін атап өтті. 

«Жастық шақтың символы, кумирі. Бір дәуір кетті. Мұндай адамның арамыздан кеткені өкінішті. Есіміңіз есімізде. Тыныш ұйықта «Ласковый май», - деді ол. 

Алтынай Жорабаева да әншінің қазасына орай өкінішін білдірді.

«1972-ші, 1974-ші жылғы әпкелерімнің жастық шағында, үйдегі «РОМАНТИК» магнитофонынан «ЛАСКОВЫЙ МАЙ» тобының әншісі Юрий Шатуновтың әндері көп қойылатын. Ол кезде 6-7-8 жаста едім. 1986 жылдан бері Кеңес Үкіметінің жастарының жүрегін жаулаған, жағымды, әдемі дауысты жұлдыздың 48 жасқа келіп, дәм-тұзы таусылған екен. Жаратушымызға қайтарылыпты. Біліп-білмей жасаған күнәсін кешірсін. Кәдімгідей, біртүрлі көңіл-күйім түсіп отыр», - деді Жорабаева.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары