Мәдениет & Шоубиз 27.06.2022 сағат 10:00

«Күлме досқа»: Жақында ғана босанған Сая Оразғалиева тағы да жүкті екенін хабарлады

Сая бұған дейін қатарынан бала туатын құрбыларын сынап келгенін мойындады.
«Күлме досқа»: Жақында ғана босанған Сая Оразғалиева тағы да жүкті екенін хабарлады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Небәрі жарты жыл бұрын ұлды болған Сая Оразғалиева тағы да жүкті екенін хабарлады. Актриса бұған дейін қатарынан бала туатын құрбыларын түсінбей, тіпті сынап келгенін мойындады. Алайда өзгелерге сөйлеймін деп өз басына қалай түскенін білмей қалды, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әр жаз сайын сіздерге жүктілігім туралы хабарлау деген жақсы дәстүр пайда болды. Бұл жаз да ерекшеленбесін. Мен үшінші сәбиімді күтіп жүрмін", - деп қуанышты хабарды жеткізді Сая.

Өткен жылдың желтоқсан айында ұлды болған Сая араға үш ай салып, қайта жүкті болғанын айтады. 

"Имран екеуінің арасы тура бір жыл болады. Жынысын тамызда білеміз, міндетті түрде бөлісемін. Тағы ұл болса, декретке күйеуім шығады", - дейді Оразғалиева.

Сая бұған дейін қатарынан бала туатын құрбыларын сынап келгенін мойындады.

"Дана Есееваның Жантөреге аяғы ауыр екенін білген кезде, ол Әмірені жақында босанған. Ағза үшін небәрі 5 ай демалу - өте аз деп едім. Кешір, Данкабай!

Мен босанғаннан кейін үш айдан соң көтердім, соның салдарынан Имран ана сүтінен бас тартты. Яғни, менің ағзам мүлдем демалған жоқ. Күлме досқа деуші еді.Алдағы Жаңа жылды тіпті, елестете алмаймын. Бірақ көңілді болатынын сеземін", - дейді актриса.

Сая қыз болған жағдайда оған есім таңдап қойғанын атап өтті. Сондай-ақ, ол болашақ сәбиін екінші ұлымен бірге бір сыныпқа беруді жоспарлап отыр. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар