Жұлдыз Әбдукәрімованың биін көпшілік сынап тастады.
Әбдукәрімова бұл видеоның астына қандай жағдай болмасын, адамдарды кешіре білу керектігін жазған.
«Кешіру ол - түсіну. Біз түсінген кезде ғана кешіре аламыз. Бірақ ол - қосылу не жіберу емес, ол - жай ғана КЕШІРУ», - делінген Жұлдыздың жазбасында.
Алайда, көпшілікке бұл жақпай қалған сияқты. «Мынаған не болған?», «Шошаңдап кеткен», «Қайратқа сабыр берсін», «Күйеуін алдау – сатқындық», – деп жазды желі қолданушылары.