$ 448.56  478.03  4.79

«Алты жылда сегіз операция жасаттым»: Баян Алагөзова «сыртқы келбетіңіз өзгеріп кетті» деп жазатындарға жауап берді

Бірақ көзім басында қалай ауырса, әлі де солай ауырады, жасаурайды, кез-келген нәрсеге реакция береді. Мен он минуттан артық оқи алмаймын, суретке түсе алмаймын, жарыққа тіке қарай алмаймын.

"Қатты өзгеріп кетіпсіз". Тұрмыстық зомбылықтың құрбаны болған Баян Алагөзоваға желідегі фолловерлері осы сөзді жиі айтады. Мұнымен продюсердің өзі де келіседі. Алайда бұл жайт өзіне де ұнамайды. 2016 жылы экс-күйеуінің соққысына жығылғаннан кейін Баян ханым зақымдалған бет-жүзін қалпына келтіру үшін сегіз рет ота жасатқан. Алайда бұл да денсаулықты толық қалыпқа келтіруге көмектеспеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Белгілі продюсер сыртқы келбетінің өзгергенін айтып, бетіне басатын оқырмандарына жауап берді.

"Қатты өзгеріп кетіпсіз" дегенді жиі естимін, иә солай. Осыншалықты өзгергеніме өзім де қуанбаймын. Сырт келбетім, ішкі жан дүнием де өзгерген шығар бәлкім. 

Менің мамандығым, менің наным, менің сыртқы келбетім, менің бет-жүзім болғандықтан, сыртқы фактордың мен үшін рөлі әркез ерекше еді. Бірақ өмірде ештеңені болжап біле алмайсың. "Ешқашан ешқашан деп айтпа" дейді. Мен "ешқашан сырт келбетіме тиіспеймін" деуші едім", - деп бөлісті Баян Мақсатқызы.

Продюсер алты жылда сегіз операция жасатқанын атап өтті. Алайда соған қарамастан, әлі де денсаулығында ақаулар бар екенін мойындады.

"Маған өзімді, жанымды, бүлінген бетімді құтқару керек болды. Мен қолымнан келгеннің бәрін жасадым және осымен тоқтағым келеді.
Бірақ көзім басында қалай ауырса, әлі де солай ауырады, жасаурайды, кез-келген нәрсеге реакция береді. Мен он минуттан артық оқи алмаймын, суретке түсе алмаймын, жарыққа тіке қарай алмаймын. Көзілдірік менің бетімнің жалғасы іспетті болып кетті.  
Онсыз да зақымдалған жаныма жара салғысы келетін адамдарға айтқым келетіні: "Иә, мен өзгердім, өзгеруіме тура келді, иә, мен бұрын басқа едім, мүлдем басқа". Маған сіздердің аяушылықпен қарағандарыңыз керек емес. Бұл менің жолым, менің таңдауым, менің өмірім", - деп түйіндеді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары