Әнші Кәмшат Жолдыбаева желіде жаңа суреттерін жариялап, қалың көпшілікке бояусыз түрін көрсетті. Өнер иесінің табиғи сұлулығына қатысты оқырмандар түрлі пікір білдіруде, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Кәмшат Жолдыбаева аталмыш фотоларын Instagram парақшасында бөліскен. Шоу-бизнес жұлдызы бүгінде сіңлісі Алтынай Жолдыбаевамен бірге шетелде демалуда. Олар Доминикана елінде саяхаттап жүр.
Әпкелі-сіңілі желіде фото және видеолар жариялап, демалысы қалай өтіп жатқанын көпшілікке көрсетті. Оның ішінде Кәмшат Жолдыбаеваның боянбай түскен суретін байқауға болады. Аталмыш суреттер бірден ел талқысына түсті. Өнер иесін мұндай кейіпте көрген желідегілердің пікірі екіге бөлінді. Бірі әнші арудың қартайғанын жазса, енді бірі оның табиғи сұлулықты сақтап қалғанына риза болған.
"Бетіне ештеңе тигізбеген. Тіпті қасының өзі табиғи керемет. Бетіңе осылай ештеңе тигізбеші", "Киім жарасып тұр", "Бетіңізде нұр жоқ сияқты. Қартайыпсыз", "Ең әдемі және қазақша сөйлейтін қазақ қызының бірісің. Табиғи сұлулық деп осыны айт", "Уақыт өзінікін алады екен. Қартайыпсыз, ренжімеңіз", - деп жазуда көпшілік.