Мәдениет & Шоубиз 11.07.2022 сағат 16:00

Индира Расылхан: «Басыңа іс түскенде кімнің кім екенін біледі екенсің»

Желі қолданушылары әртіске қолдау білдіріп, сабырлық танытуға шақырды.
Индира Расылхан: «Басыңа іс түскенде кімнің кім екенін біледі екенсің»
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әнші Индира Расылхан желіде әсерлі жазба жариялап, жақын адамынан көңілі қалғанын айтты. Өнер иесі басына іс түскенде адамдардың шынайы бет-жүзін көруге болатынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Индира Расылхан жақын адамынан мұндайды күтпегенін айтып, бұл жағдайдан өзі үшін үлкен сабақ алғанын алға тартты.

"Басыңа іс түскенде кімнің кім екенін біледі екенсің. Баспадым жардың шетін құлай ма деп, Ішпедім арықтан су лай ма деп. Қорқамын дос болуға жаманменен, Тар жерде ер-тоқымын сұрай ма деп”. Жақсымен жолдас болсаң, атыңа шаң жуытпас, Жаманмен жолдас болсаң, қиындық сәтте жуымас. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай деген: "Біреуді жақсы көрме, ол ертең жауың болуы мүмкін, біреуді жек көрме, ол ертең досың болуы мүмкін". Жақыныңнан күтпеген жағдай осылай рельстен шығарып жібереді екен. Енді білетін боламын", - деп жазды ол Instagram парақшасында.

Желі қолданушылары әртіске қолдау білдіріп, сабырлық танытуға шақырды.

"Не болса да сабыр сақтаңыз. Біреуге істеген іс өзіңе екі есе қайтып келеді", "Бір жағынан дұрыс болған. Көзіңіз ашылды", "Өтірік дос деген жаман", "Жақсы күндерде бәрі қасымызда, ал іс түскенде расымен бәрі жоқ болып кетеді", "Сізді түсініп тұрмын. Бастысы сабр. Өкпелеп жүргеннен пайда жоқ", - деп жазуда оқырмандар.

 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар