$ 444.32  473.33  4.76

Димаштың концертіне әлемнің қырық шақты елінен билет сатып алынған

Құрметті тыңдарманыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын!

Билет сатылымы басталған алғышқы 15 минутта Димаштың концертіне 36 елдің Dears жанкүйерлері билет алған, деп хабарлайды Zakon.kz

14 шілдеде Димаш Құдайбергеннің Алматыда өтетін алғашқы жеке концертіне билеттер сатыла бастады.

Ticketon ақпараты бойынша, алғашқы 15 минутта шоуға билеттерді әртістің әлем бойынша 36 елдегі жанкүйерлері сатып алған, – деп жазды Dimashnews.com cайты.

Ал Димаш Құдайберген өзінің Instagram-дағы парақшасында Dears-ке алғысын білдіріп, оларды туған елінде асыға күтетінін айтты.

"Шоу Қазақстандағы ең ірі спорт ғимараттарының бірі – Орталық стадионда өтеді. Құрметті тыңдарманыммен туған елімде қайта кездесетініме қуаныштымын! Сіздерді асыға күтемін!", деді Димаш Құдайберген

Димаштың «Stranger» концерті 2022 жылдың 23 қыркүйегінде Алматы қаласының орталық стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары