$ 444.22  476.38  4.82

«Не боларын өздері де білмейді»: Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева хиждапқа қарсы пікір білдірді

Айгүл Елшібаева; «Қазақ кәмелетке толмаған қызға орамал тақпаған, тұлымшағы желбіреп өскен дейді».

Дәстүрлі әнші Айгүл Елшібаева хиждапқа қарсы пікірін білдірді. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.  

Айгүл ханым: «Қазақ кәмелетке толмаған қызға орамал тақпаған, тұлымшағы желбіреп өскен дейді. Осы, уақап-салафит қыз-қатындар бүлдіршін-қыз-келіншек-қатын-әйел-кемпірге хиджап деп орамалды қылғындырып тағады. Құранда Нұр сүресінің 31-аятымен ескертіп отырып, "желектері омырауларын жапсын" деген сөзді қыстырмай, омырауларын жаппай, жалаңдатып "тақуамыз" деуі мұсылманшылығына күмән келтіреді.

Желкілдек (Халық әні)
Жылқының мінсіз қара төбеліндей
Аузың бар шыны аяқтың кемеріндей,
Шашыңды он екіден талдап өрген,
Базардың кезі алпыс сом жібегіндей,
Ақ бетің жарқырайды жұмырқадай,
Тұлымың салбырайды шыбыртқыдай,
Боз үйден сен шығасың керіліп,
Аяқты бір басуға ерініп,
Аққудай көлден ұшқан көтеріліп,
Жігінен қанатыңның сөгіліп.

Құранмен жүрсең құранға сәйкес бол. Қазақ балиғатқа жетпеген қызға желек салмаған, тұлымшағы желбіреп өскен, қазақы тәрбие көрген жас қызға «Желкілдек» деп шығарған халық ән де бар. Ойбай-ау, мына өлеңдегі сұлулықты қыз күнінен қатын болуға асыққандай, «тақуамыз» деп никап-хиджап кигендерден қалай көрер едік? Қор болған қазақ қызының сұлулығы-ай.

Сол кезден хиджап-никап киген болса ақындар «қара оранған апат-ай» деп ән шығар ма еді?

Қазақтың қыздары ұлттық киімінде қандай сұлу. Қыз күнінен қатынның киімін аңсап, қыз-қатынның киімін айыра алмағаннан дүмше-тақуасымақтан құдай сақтасын!", деп жазды әлеуметтік желіде.  

"Айгүл сіздің парақшаңызды оқып отырамын. Керемет айтасыз. Қазақтың қыздары мен жігіттеріне жаным ашиды: қысқа шалбар кигендерге, араптар сияқты тұмшаланған әйелдерге", "Қандай керемет көз сүйсінер. Оранғандар орамал үстінен орамал жауып, келістіре алмай жүр ғой. Біреуі жүр үстінен кепка киіп. Не боларын өздері де білмейді" деп жазды оқырмандар.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары