Елге танымал отбасылық әншілер - Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева Абай облысы, Ақсуат ауданындағы кеште фонограммамен ән айтқан, деп хабарлайды Экспресс К.
Ақсуат ауылында шілде айының 29, 30, 31 күндері үш күн бойы өнер және спорт фестивалі өткен. Оған осы өңірдің тумасы, елімізге белгілі әнші Тоқтар Серіков өнердегі және өмірдегі серігі Бейбіт Сейдуәлиевамен бірге келген. Бірақ желі қолданушылары фонограммамен ән айтқанын жазып жатыр.
"Ешқайсысы жанды дауыспен айтпайды", "Қазір таңқалуға болмайды", "Сонда бұрыннан халықты алдап келген бе?", "Ұят болды", "Далада жанды дауыста айтудың қажеті жоқ, таза шықпайды", "Халықты алдау, фонограммаға тыйым саламыз дегендері қайда?", — деген сарындағы пікірлер көп.