$ 449.58  486.94  4.86

Иманбек Канадада өткен концертте жұрттың ерекше ықыласына бөленді

Онда отандасымыз 500 мыңға жуық көрермен алдында Қазақстанның көк туын желбіретті.
Фото: ашықдереккөзден
Фото: ашықдереккөзден

Әлемге әйгілі қазақ диджейі Imanbek (Иманбек Зейкенов) Канаданың Торонто қаласында өткен музыка фестиваліне қатысты, деп хабарлайды Экспресс К.  

Диджей сол кеште өнер көрсеткен сәтінен түсірілген видеоны өзінің Instagram-дағы парақшасына жариялады. Онда отандасымыз 500 мыңға жуық көрермен алдында Қазақстанның көк туын желбіретеді. Бұны көрген желі оқырмандары Иманбекке жылы лебіздерін білдірді.

"Жарайсың, Иманбек"."Осы бағытыңнан тайма". "Алға, Қазақстан". "Иманбек сен біздің мақтанышымызсың",— деп жазды желі қолданушылары.

Ал жиналған жұрт Иманбек пен музыкант BYOR-дың "Belly Dancer" атты трегіне биледі.

Хит әнге түсірілген бейнебаян шілде айында жарық көрген болатын. "Veld Music Festival" атты фестиваль 29 мен 31-ші шілде аралығында өткенін айта кетейік. Бұл сайысқа әлемге әйгілі 45-тен астам музыкант қатысты.

Иманбек бұған дейін де Лас-Вегаста еліміздің туын желбіреткен болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Иманбек