$ 494.87  520.65  4.91

«Той-думан», ақша үшін не істемедің?»: телеарна енді «Красный көйлек, черный өрнек» деген әннің клипын жариялады

Аталған бейнебаянды әлеуметтік желіден тамашалағандар біраз сынға алып, наразылықтарын білдірді.

Күні кеше ғана "Ұйқым келмейді" әнін эфирге өткізгені үшін жұрттың сынына қалған музыкалық "Той-думан" телеарнасы тағы бір шала қазақша әннің клипын жарқ еткізді. Бұл жолы көрерменге қайырмасы: "Красный көйлек, черный өрнек. Билейді гүлдер, ымменен сөйле. Көйлегім сәнді, өмірім мәнді. Күндей боп ярко, Көздерім жанды" деп келетін  әлдебір әншінің орындауындағы әнді ұсынған. 

Аталған бейнебаянды әлеуметтік желіден тамашалағандар біраз сынға алып, наразылықтарын білдірді.

Ұйқым келмейдіге бәсекелес", "Тоқтатындар" дейтін бір адам жоқ па мәдениет саласында?", "Той-думан", ақша үшін не істемедің?", "Кімнің ақшасы көп, соның әні хит болып тұрған заман-ай", "Той думанды" жабу керек!", "Осындай салдыр-сатпақ ән айтқандарға айыппұл салынсын. Қазақтың тілін, әнін мазақ етуге ешкімнің қақысы жоқ. Өңшең осындай орашолақ әншіні шығаратын "Той-думанға" айыппұл салынсын", "Ұялмаған әртіс болар" деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#той думан