27.08.2022, 00:43

«Барахолкаға келіп, шыттай боп киініп, шырт түкіріп жүретінмін»: Дариға Бадықова табыс көзін айтты

Фото: ашық дереккөз
Отандық актриса Дариға Бадықова әріптесі, «Келінжан» сериялындағы жұбы Рүстем Жаныаманов пен бірге той бизнесте ән шырқап жүр.

Отандық актриса Дариға Бадықова әріптесі, «Келінжан» сериялындағы жұбы Рүстем Жаныаманов пен бірге той бизнесте ән шырқап жүр. Ол тойға шығу бизнесі кеше-бүгін басталмағанын айтады. Мектеп кезінен-ақ тойларда ән салып, ақша тапқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Актриса мектеп кезінде 200 теңгеге ән салған кезін еске алды. 

«Жастайыңнан тойға шықсаң, төселіп те кетеді екенсің. 1996-1997 жылдары 200 теңгеге ән айтатынмын. Кететін кезде той иелерінен бауырсақ, кәмпит салып беріңізші деп сұрайтынмын. Одан 2000 жылдары 500 теңгеге көтердік. Ауыл-аймақтың тойларынан қалмайтынмын»,- дейді Дариға Бадықова. 

Ол бұл кәсібін студент кезде де жалғастырған.  

«Мектеп бітірген соң, қалаға келіп 5000 теңгеге шығатын болдым. Жазғы демалыстарда ауылдарды аралап концерт өткізіп, киім-кешекке ақша табатынмын.  Концерттен 17-18 мың табатынмын. Барахолкаға келіп, шыттай боп киініп, шырт түкіріп жүретінмін», - деді Бадықова.  

Ал қазіргі қаламақысын актриса жасырып қалды.