$ 449.58  486.94  4.86

«Беті бет емес...»: Роза Рымбаеваның ісіп кеткен түрі жұртты шошытты

"Жастың аты — жас. Ботекстен байқашы. Аузыңды таппай қалған жаман ғой", — деп жазды актер Алмат Сақатов.

Роза Рымбаеваның дәл қазіргі келбеті ғаламторда қызу талқыланып жатыр. Өнер иесінің күні кеше түскен суретін көрген көпшілік оның түрінен өзгерісті байқап, тіпті кейбірі танымай қалған, деп хабарлайды Экспресс К.

Елдің назарына іліккен фотоны Иманбаева өзінің Instagram-дағы парақшасына салған. Роза Рымбаева мен Айгүлдің бірге түскен суретіне оқырмандар сол сәтте-ақ түрлі пікір жазыпты.

"Роза апайымыздың түрі не болып кеткен, сұмдық", "Ойбай, Роза апай бетіңізге тиісе бермеңіз. Жасыңыздың қаншаға келгенін мойындау керек қой", "Мынаның беті бет емес, басқа нәрсеге ұқсап кетіпті ғой. Обал-ай", — деп сынады желідегі жұрт.

Желі қолданушыларының талқысына түскен сурет танымал әртістерді де бей-жай қалдырмаған. Мәселен, актер Алмат Сақатов Роза Рымбаева мен Айгүл Иманбаева бірге түскен фотоға астарлы әзілмен сыни-пікір қалдырыпты.

Жастың аты — жас. Ботекстен байқашы. Аузыңды таппай қалған жаман ғой, — деп жазды Алмат Сақатов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары