Түркияда тұрып жатқан белгілі айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ұлын үйлендірді, деп хабарлайды Экспресс К.
Ақын әлеуметтік желіде баласы Беклан Мәдина есімді арумен мұсылманша некесін қидырғанын мәлім етті.
"Балам некесін қидырды. Бірақ бізде үлкен той енді болады. Бұл тойдың ерекшілігі Стамбұлда өтетіндігінде. Үлкен той болады деп күтіп отырмыз, — дейді Айнұр Тұрсынбаева.
Айтыскер баласы мен келінін ресми ерлі-зайыпты болғанын құттықтап, сыйлығын тарту етті.
Еске сала кетейік, айтыскер ақын Түркияда үшінші күйеуі қылмыс әлемінде "Нойс" лақап атымен танымал Нұржан Иманалиевпен бірге тұратынын айтқан болатын. Бірақ Иманалиев соңғы бір жыл көлемінде елдің көзіне түскен жоқ. Тіпті, Түркияда қамалғаны туралы ақпарат та тарап кеткен. Алайда анасы баласының қамалғанын жоққа шығарған.