Мәдениет & Шоубиз 29.08.2022 сағат 11:15

«Маса шақты ма, қыши-қыши бере ме?». Тағы бір жаңа ән жұрттың ашуын тудырды

Әнді кім орындайтыны әзірге белгісіз.
«Маса шақты ма, қыши-қыши бере ме?». Тағы бір жаңа ән жұрттың ашуын тудырды
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Жұрт «Ұйқым келмейді» деген әнді талқылап, енді тынышталғанда ғаламторда тағы бір түсініксіз ән пайда болды. «Маса шақты ма?» деп аталатын туынды жұрттың ызасын тудырды, деп хабарлайды Экспресс К.

ТікТок-та көптің қызу талқысына түскен әнге түсірілген бейнежазба пайда болды. Желі қолданушысы оның үзіндісін ғана жариялап, «Маса туралы ән естеп пе едіңіздер? Естімесеңіздер, тыңдап көріңіздер» деп жазды.

Әнді кім орындайтыны әзірге белгісіз. Видеода көзіне қара көзілдірік таққан жігіттің образға кіріп, ән салып тұрғанын байқауға болады. Видеоны қазірдің өзінде 240-мыңға жуық қолданушы қарап, 4 мыңнан астам адам репост жасаған.

«Маса шақты ма, шаққан жері қызыл ма?
Қыши-қыши бере ме? Тоқтама, тоқтама...
Қышып қышып барады, қаси-қаси бер, қаси-қаси бер,
Шақты ма, шақты ма? Тоқтама. Тоқтама... Тоқтама...»
деген мәтіннен тұратын әнді жұрт сынның астына алды.

«Масқара, осы жетпей тұр еді. Бит-сірке туралы ән жазатын шығар енді», «Өздерің осылай қайта-қайта қарап, жазып танымал қыласыңдар. Сосын осындай әндер көбейіп жатыр», «Лағып өлең жазсаң, хит болады. Сосын сол арқылы ақша табамын деп отырған адамдар ғана мән-мағынасы жоқ ән шығарып айтады», «Қандай ессіздік, мынау енді шектен шығу», «Ұйқым келмейді» деген ән шығып еді. Енді «Маса» деген ән шықты ма?», «Шыбын мен ара ренжімесін, оларға бір ән шығарып жібер», «Ертең тарақан туралы ән шығады», «Ең жетпегені осы еді», «Қотыр болған соң солай жазған да әнді» деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар