Мәдениет & Шоубиз 05.09.2022 сағат 00:30

Атышулы «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі есірткіге тәуелді екенін мойындады

Мен анашаны үш жыл бұрын қойып кеткенмін. Өте қатты тәуелді болғанмын, екі жыл күнде шеккенмін. Екі жыл күн демей, түн демей сонымен оянамын, сонымен жатамын.
Атышулы «Ирина Кайратовна» тобының мүшесі есірткіге тәуелді екенін мойындады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

"Ирина Кайратовна" ұжымы тағы да елдің назарында. Бұл жолы атышулы топтың белді мүшесі өзінің анашаға әуестігі мен есірткіге құмарлығы жайлы алғаш рет ашып айтқан, деп хабарлайды Экспресс К.  

Алдияр Жапарханов — "Ирина Кайратовна" шоуының белді мүшесі. Ол жастармен өткен кезекті кездесудің бірінде есірткі тақырыбы жайлы ашық әңгімелескен. Өйткені өзі де кезінде нашарқорлыққа құмар болғанын айтып, қазіргі қыз-жігіттерге ақыл-кеңесін беріпті.

"Ең басында шөптен, анашадан басталады. Мен анашаны үш жыл бұрын қойып кеткенмін. Өте қатты тәуелді болғанмын, екі жыл күнде шеккенмін. Екі жыл күн демей, түн демей сонымен оянамын, сонымен жатамын. Кейін менің миымның қандай болып кеткенін байқадым. Есте сақтау қабілетім жоқ, анаша шегіп сценарий жазған кезде креативті ойлар келеді де, сау кезіңде мүлдем күлкілі емес екенін түсіндім. Менің байқағаным, шөптің де зияны бар. Қанша рахаттансаң да, бәрібір бір зияны тиеді. Сондықтан да алкоголь, есірткі, анашаның өзі зиян. Оны жай ғана түсінуіңіз керек. Біз оны көріп тастадық, содан кейін сіздерге айтып отырмын. Өмір есірткісіз де тамаша", — дейді "Ирина Кайратовна" тобының мүшесі.

Дәл осылай ағынан жарылған Алдияр Жапарханов бүгінгі жастарға ақыл айтқанымен, желідегі жұрт оның сөзіне сенбеді. Өйткені танымал әртістің дәл сол видеодағы болмысына қарап, әлі де есірткіге тәуелді екенін байқаған.

"Ағашка әлі қоймаған секілді ғой", "Мынау шегіп алған ғой", "Айтсын. Осыларды жасөспірімдер тыңдайды, ата-анасын тыңдамайды", "Осы бұзылған жігіт", - деп жазды желі қолданушылары.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар