Димаш Құдайберген Қостанайда өрттен зардап шеккен отбасыларға көмектеспек. Әнші қолдан келгенше қолдау білдіруге уәде берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Димаш болған оқиғаға жабырқап қалғанын жеткізді.
"Қостанайдағы жағдай барлығымыздың қабырғамызды қайыстырды…Еліміз аман болсыншы. Осы залалдан зардап шегіп жатқан ағайындарға қолдан келгенше көмектесуге дайынмын. Бірлігімізді дәлелдеп, бауырларымызға қол ұшын беруге ат салысайық, жігіттер!" - деп жазба қалдырды ол желідегі парақшасында.