$ 494.87  520.65  4.91

Атышулы Диана Қырықбай жігіті тастап кеткен қыздарға ерекше кеңес айтты

Диана егер жігітке хабарласпай қалса, оған көңіл бөлудің қажеті жоқ екенін айтады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Танымал тележүргізуші Диана Қырықбай жігіті хабарласпай кеткен қыздарға ақыл-кеңесін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Әлеуметтік желі арқылы қыздарға түрлі кеңес беретін тележүргізуші бұл жолы да ақылын аямады. Ол жігіті тастап кеткен, хабарласпай жүрген қыздардың көп жағдайда қателік жасайтынын айтты.

Видео TikTok желісінде жарияланды.

Жігітпен айырылысқан немесе ол жоқ болып, жазбай кеткен кезде қыздар бірнеше қателік жібереді. Біріншіден, өздері хабарласа бастайды. Әрине, бір рет "амансың ба" деп жазуға болады. Егер жауап қайтармаса, әрі қарай өмір сүре береміз,— дейді Диана.

Алайда қыздардың көбі бұлай жасамайды. Жігіт жазбай қалса "Қайда жоғалып кеттің?", "Неге хабарласпайсың" деп жазып жібереді. Оған жауап болмаса тағы жазады. Оған жауап бермесе өзі хабарласады. Соңында жылайды.

Ал Диана егер жігітке хабарласпай қалса, оған көңіл бөлудің қажеті жоқ екенін айтады.

Әрі қарай өмір сүріп, басқа жігіттермен араласып, оған энергия жұмсамауыңыз керек. Сонда әлгі жігіт бірнеше апта немесе бір айдан кейін қайтып айналып келеді. Өзі жазады,— дейді тележүргізуші.

Яғни жігіт хабарласпай кеткенде қыздар дұрыс қадам жасаса, кез келген азамат қайта айналып келеді. Ал қайта келгенде не деу керектігін Диана келесі кеңесінде айтпақ.

Әлеуметтік желідегі қыздар тележүргізушінің кеңесіне әр түрлі пікір білдірген. Басым бөлігі Диананың айтқанын қолдапты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары