$ 448.15  483.46  4.86

«Мұндай жасқа келіп ұят емес пе?»: Айгүл Иманбаеваның жаңа образы жұрттың талқысына түсті

Өнер иесінің парақшасындағы өзге оқырмандары оның 45 жасқа бергісіз мінсіз мүсінге ие екенін жазса, арасында өз жасына сай киінбеді дегенді айтып, сөккендер де бар.

45 жастағы Айгүл Иманбаева қысқа етекті көйлек киіп, желіні шулатты. Актриса жаңа фототүсірілімнен сурет жариялады. 

Алматы мен астананың арасында ат ізін суытпай жүретін актрисаның бұл жолғы образы бұрынғыларынан өзгерек. Келте көйлек пен көрікті шляпаны үйлестірген Иманбаеваның келбетіне баға берушілер көп. Мысалы белгілі продюсер Баян Мақсатқызы: «Мәәссаған!» – деп таңданысын жеткізсе, әнші Жазира Байырбекова да: «Уааау!» – деп эмоциясын жасыра алмаған. 

Өнер иесінің парақшасындағы өзге оқырмандары оның 45 жасқа бергісіз мінсіз мүсінге ие екенін жазса, арасында өз жасына сай киінбеді дегенді айтып, сөккендер де бар.  

"Мына суретіңіз тым ұяттау көрінеді екен, жасыңызға сай емес, Айгүл ханым", "Иманбаева емес, Иванбаева болыпсыз", "Мұндай жасқа келіп ұят емес пе?", "Өте әдемі жарасады екен, бірақ деген нәрсе бар ғой. Тым жеңілтек әйелге ұқсап қалыпсың. Саған болмайды, қырыққа келдің. 25-35 жаста болсаң, "жас қой, кие берсін" дер едік", - деді желі қолданушылары. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары