15.09.2022, 13:00

«Алкогольді ішімдіктер ішуді уақытша тоқтаттым»: Диана Қырықбай жағымсыз әдеттері туралы айтып берді

Негізі соңғы 4 айда мүлдем ішкен жоқпын.

Қазақстандық танымал тележүргізуші Диана Қырықбай бүгінде өмірін ретке келтіріп, жағымсыз қылықтарынан арылуға тырысып жүргенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. 

Атышулы тележүргізуші жағымсыз қылықтарымен күресіп бастағанын Instagram парақшасында айтты. Ол бұл өзгерістерін бірден өз оқырмандарымен бөлісті. Сөзінше, енді ол бейәдеп сөздерді қолданбай, ішімдікті уақытша қойған. "Біріншісі — бейәдеп сөздерді айтуды доғардым, екіншісі — алкогольді ішімдіктер қабылдауды уақытша тоқтаттым. Негізі соңғы 4 айда мүлдем ішкен жоқпын. Ал үшіншісін алдағы уақытта айтатын боламын", - деп жазы ол. 

Желі қолданушылары блогер арудың бұл бастамасына қолдау білдірді.