Әнші Меруерт Түсіпбаева келінге үй жұмысын істетпеу керек дейді. Тіпті қазақтардың келінді күң, үй қызметшісі санайтынына қапалы, деп хабарлайды Экспресс К.
Әншінің келінге байланысты айтқан ойы әлеуметтік желіде тарады. Видеодан Меруерт Түсіпбаеваның "Хабар" арнасындағы бағдарламалардың бірінде қонақ болып отырғанын көруге болады.
Қазақта былай: "О, келін келді ме, тізіліп отырайық, үй қызметшісі келді" дейді. Үйді тазалау, шәй құю, тамақ пісіру, ол қате. Ол да біреудің өбектеп өсірген қызы ғой. Мен ойлаймын, ертең келін түссе бірге қыдырып, шетелге барып жүреміз деп, — дейді әнші.
Әншінің бұл ойына жазылған пікір көп. Басым бөлігі оның айтқан сөздерімен келіспейтінін жазған.
"Өзі келін болып, қайын жұртқа қызмет етіп көрмеген соң айта береді", "Келін болу кереметі мұрнына бармаған ғой", "Осылай ақылы тасып кеткендер көбейді. Бұл қазіргі қыздардың тәрбиесін бұзуда", "Миының жеткен жері осы болса, үндемей-ақ қойыңыз", — деген сияқты түрлі пікір жазған желідегі жұрт.