$ 484.11  528.79  5.03

«Ауруым емделмейді, менімен бірге кетеді»: Жұлдызай Дүйсенбиева айықпас дертке шалдыққанын айтты

Қандай да секундтар жүрегімнің соқпай қалатын кезі болады.

Белгілі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева денсаулығындағы ақау жайлы айтты. Сөзінше, ол миллионның бірінде кездесетін жүрек ауруына шалдыққан. Бұл туралы «Қазақстан» Ұлттық арнасының «1001 түн» бағдарламасында мәлімдеді.

«Миллионның бірінде болатын сырқат. Қандай да секундтар жүрегімнің соқпай қалатын кезі болады. Сондықтан маған ұшаққа көп отыруға болмайды. Ол емделмейді, менімен бірге кететін сырқат. Аса қауырт болмаса, ұшаққа мінбеймін.

Ал енді қауырт кезде ұшаққа мініп, иманымды үйіріп, мінгеннен сүрелерді оқимын. Түскенше ешкіммен сөйлеспеймін, теледидар да көрмеймін, тамақ та ішпеймін», - деп ағынан жарылды актриса.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары