$ 484.11  528.79  5.03

Ерболат Беделхан Ninety one тобымен неге бөлек кеткендерін айтып берді (видео)

Мен үшін 91 бір белгілі этап болды.

«Ninety one» тобының негізін қалаған продюсері Ерболат Беделхан өмірі мен өнердегі жаңалықтарымен "Менің өмірім" бағдарламасында бөлісті. Ол 91 тобымен қазіргі таңда неліктен бірге жұмыс жасамайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Продюсер өзін екінші мәрте халыққа танылтқан топпен келісімшарттың аяқталғанын жеткізді.

"Келісімшарт кезеңі бітті. Сегіз жылға келісімшарт жасастық. Үмітім 100% ақталды. Халықтың сүйіспеншілігіне де бөлендік. Қиын қыстау кезең де болды. Менің мақсатым - нарық қалыптастыру. Тек топ құрып, продюсерлікпен айналыса берсем болатын еді. Топтағы балалар осыны әуел бастан білді. Келісімшарт аяқталған кезде, "Ерболат аға, бұл сіздің жолыңыз. Ал біздің жолымыз өзімізді жеке топ ретінде дамытсақ дейміз" деді. Біз екі жақтан да жұмысты ары қарай жалғастыруға тырыстық. Осы істі жалғастыруда менің таңдауым болды, балалардың таңдауы болды. Сондықтан да кішкене келіспей қалдық", - деді Ерболат Беделхан.

Сондай-ақ ол Ninety one тобымен арадағы келіспеушіліктің не себепті болғанын түсіндірді.

"Менің мақсатым кәсіби нарық қалыптастыру. Мен үшін 91 бір белгілі этап болды. Демек, мен өзімнің қанша пайыз уақытымды оларға бөлуім керек болды? Әлде нарықта не жоғын ізденемін бе? Менің таңдауым осы болды. Ал балалардың таңдауы - топ ретінде өз өнерлерін шыңдау болды. Бұл менің компаниямның бір бөлігі", - деді продюсер.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары