Қазақстан мен Қытай шекарасы үш күнге жабылады. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасаған Ulysmedia.kz хабарлайды.
Шекараның жабылуына Қытайдағы мереке себеп болған.
“Мемлекеттік кірістер комитеті Қытай Халық Республикасының құрылған күнін мерекелеуіне байланысты 2022 жылғы 1 қазаннан бастап 3 қазанға дейін қазақ-қытай шекарасындағы автомобильді өткізу пунктерінде тұлғалардың, көлік құралдары мен жүктердің өтуі жүзеге асырылмайтынын хабарлайды.
Қазақстан-Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штатты режимде жұмысын жалғастырады.
Тасымалдаушылардан және шекарадан өтуге ниет білдіргендердің барлығынан енгізілген шектеулерді ескере отырып, өз маршрутын алдын ала жоспарлауды сұраймыз”, – делінген хабарламада.