$ 494.87  520.65  4.91

Қайрат Әділгерей Лұқпан Жолдасовтың құйрығын не үшін сипағанын түсіндірді (ВИДЕО)

Әзілкеш ән айтып тұрған Лұқпан Жолдасовтың құйрығын сипаймын деп ұятқа қалды.

Әзіл әлемі театрының актеры, әзілкеш Қайрат Әділгерей әнші Лұқпан Жолдасовтың құйрығын ұстаймын деп ұятқа қалды. Ол өз әрекеті үшін қатты қысылып, кешірім сұраған, деп хабарлайды Экспресс К.

Whatsapp желісінде тараған аудиожазбадан Қайрат Әділгерейдің даусына ұқсас адамның әншіден кешірім сұрап, ұяттан өлердей болып отырғанын аңғаруға болады. Онда ол өз әрекетіне қысылатынын және бейнежазбаның сыртқа қалай шығып кеткеніне таңданысын жасырмайды.

«Біздің іште жүрген видео тарап кетіпті. Өшіре салу керек еді ғой. Кімде жүрді ол, біреу-біреуге таратты ма, не болды мынау?! Ұятқа қалып жатырмыз. Лұқпан аға, айып етпеңізші! Кешіріңізші! Ұяттан өліп, қызарып жатырмыз мына жерде. Бүкіл чатта жүр» , — дейді аудиожазба авторы.

Ән айтып тұрған Лұқпан Жолдасовтың құйрығын сипаймын деп басы бәлеге қалған Қайрат Әділгерей туралы Экспресс К бұған дейін жазды. Оның 60—қа таяп қалған ағасына істеген ерсі қылығы желі қолданушылары арасында да қызу талқыланып жатыр.

«Қайраттың мына тірлігі өте ұят болыпты. Лұқпан ағаға олай жасағаны көргенсіздікті білдіреді» , «Бір сәтсіз шыққан қалжың болды-ау» , «Енді тыққан қолымен тамақ жейді. Қолы арам болды» , «Бұлардың бәріне не болған? Этика- эстетикадан жұрдай ғой. Ақшадан басқа көздері ештеңені көрмей қалған» , «Осы Қайраттың басы істемейді, халықтың алдында ән айтып тұрған адамның артын ұстайма екен?! Әзілдіңде орны бар, мәдениеттен жұрдай тәлпіш еркек» , — деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары