$ 448.89  477.93  4.76

«Шықса екен қорамызға кіріп кеткен бөтен қой»: Жандарбек Бұлғақовтың ресейлік орыстарға арнаған әні тарады

Әзіл-шыны аралас өлең жолдары көптің көңілінен шықты.

Әлеуметтік желіде айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов бастаған топтың ресейлік орыстарға арналған әні тарады.
Айтыскер ақын Жандарбек Бұлғақов пен Дәулет Бижанов домбырамен әуелетіп ән салды.

«Пютин ағай бастап кетіп соғысты

Бар әлемге шашыратты орысты

Қазақ амал таба алмай

Шекараны жаба алмай

Сорпа емес, ішіп отыр борщты

Володя мен күтеміз деп Иванды

Волонтьерлар неге сонша қиналды

Студенттер қаңғырып

Үй таба алмай мәңгіріп

Тасып жатыр ала сөмке диванды

Бес жүз мыңнан беретіндей пәтерді

Квартирант өлтіріп пе Дәкеңді

Орыс емес қағынған

Пейілдері тарылған

Қазақтарды қуған қазақ қатерлі.

Жағдайларды көрдіңдер ме ЦОН-дағы

Очередтер страшный ғой сондағы

ИИН-де кеп алғандар

Үйіңді кеп алғандар

Елімізге қызықпаса болғаны

Қазақстан бізге ыстық мекен ғой

Мәңгі бақи соны сүйіп өтем ғой.

Соғыс тез-тез бітсе екен,

Қаламыздан шықса екен.

Қорамызға кіріп кеткен бөтен қой

Ай-ай-ай, шық, шық, шық

Шық, шық, даваааай», деп ән салды.

«Қой ма, шошқа ма?», «Жеріміз ыстық бізге», – деп жазды оқырмандар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары